Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оқушы қызды құшақтаған Шымкент әкімі жұрттың жүрегін елжіретті (фото)

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың кішкентай қызды құшақтап тұрған суреті тарап кетті. Қаладағы №4 балалар үйінде түсірілген бұл сурет жұрттың жүрегін елжіреткен деп хабарлайды Facebook-тегі "Шымкент Ақпарат" парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: facebook/ ShymkentAkparat
Фото: facebook/ ShymkentAkparat: Instagram

Әбідрахымовтың кішкентай бүлдіршіннің маңдайынан сүйіп тұрған сәті фотограф кадрына ілінген. Бұл суретті көрген желі қолданушылары қала әкімінің мейірімділігін бірден байқағанын айтқан екен.

"Осындай азаматты дүниеге алып келген Анасына мың алғыс!", "Жүрегі бар адам ғана елжірейді", "Қарғыс алма, алғыс ал" деген осы шығар", "Сізге Алла разы болсын. Қазақтың ер-азаматтары сіздей болса дер едім. Отбасымызбен сізді жақсы көреміз", "Ғабидолла, жарайсың. Сен ары мен адамгершілігі жоқ шенеуніктерге үлгі болар адамсың", - деп жазған олар.

Айта кетейік, Шымкент әкімі Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабындағы балалар үйіне барып, Елбасының құттықтау хаты мен сый-сияпатын табыстаған еді.

Президент Жаңа жыл қарсаңында аталған мектеп-интернатқа көлік сыйлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1770384-okusy-kyzdy-ksaktagan-symkent-kimi-zrtty-zregin-elziretti-foto/

pixel