Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олжас Сүлейменов немересінің өліміне қатысты сотқа тағы да хат жолдады

Опубликовано:

Астана сотынан осы жазда жол апатынан қаза тапқан немересінің өліміне кінәлі Малика Мұхитованы бас бостандығынан айырмауды сұраған Олжас Сүлейменов бұл әрекетінің қателік болғанын айтты. Ол марқұм немересі Ескендір Сүлейменовтің ата-анасымен бұл шешім туралы сөйлеспегенін, олар үкімнің өзгергенін қаламайтынын айтқан деп хабарлайды BNews.kz.

Фото: Коллаж NUR.KZ
Фото: Коллаж NUR.KZ: Twitter

Апелляциялық алқаның сот тыңдауы барысында Олжас Сүлейменовтің жаңа хаты оқылған. Онда ақын марқұмның ата-анасымен келіспей, жазаны жеңілдетуді сұрағаны үлкен қателік болғанын айтыпты.

Жазушының сөзінше, отбасының үлкені ретінде Маликаның туыстары жарты жыл бойы одан кешірім беруді өтініп жүр екен. Алайда, Сүлейменов мұндай істе екі жақтың бейбіт келісімге келуі заңда қарастырылмағанынан хабардар екенін жеткізді.

Ал оның бірінші хаты сотталушыға жаны ашығаннан жазылған екен.

"Оның туыстары, менің қатарластарым және менен кішілері Сүлейменовтер отбасының үлкені ретінде менімен кездескісі келді. Бірнеше ай бойы олармен жүздесіп, жолыққан соң мен өзімнің жалғыз немеремді өлтірген қыздың тағдыры туралы да ойладым. Сол үшін 20 желтоқсан күні сотқа Мұхитованың жазасын жеңілдету туралы өтініш хат жолдадым", - деген Олжас Сүлейменов.

Жазушы сот оның хатын процеске қатысушы ретінде емес, жеке тұлғаның өтініші ретінде қарастырады деп есептейді.

Жаңа хаттың пайда болуына байланысты сот 3 қаңтарға қалдырылған.

Судья Әсем Рамазанованың айтуынша, Ескендірдің ата-анасы ғана Малика Мұхитованың жазасын жеңілдету туралы өтініш беруге құқылы.

Екінші хат сотқа бүгін ғана келгендіктен, сот алқасы үзіліс жасау қажеттігін айтты.

Айта кетейік, Олжас Сүлейменовтің немересі осы жылдың жазында жантүршігерлік жол апатынан көз жұмған. Сот шешімі бойынша Ескендір Сүлейменовтің өліміне кінәлі Малика Мұхитова екі жылға сотталып, бес жылға көлік жүргізу құқығынан шектелген еді. Алайда жазушы Астана сотына Маликаның жазасын жеңілдетуді сұрап, хат жазған болатын. Алайда, марқұмның ата-анасы Олжас Сүлейменовтің бұл өтінішімен келіспейтінін жеткізген.

Автор: Ануар Әбдірахманов

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1770407-olzas-slejmenov-nemeresini-limine-katysty-sotka-tagy-da-hat-zoldady/

pixel