jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

1 млн теңге: Шымкент пен Маңғыстаудың қыздары қалың малдан көш бастады

: Getty Images

Қызға қалың мал беру-ата-бабамыздан келе жатқан салт. Ертеректе өз үйін тастап, жаңа отауға аттанған қыздың артынан әкелетін қалың мал мөлшері ірі қарамен есептелсе, уақыт өте бұл дәстүр қаржылық сипатқа ие болған. Ендеше, қазіргі уақытта қай өңірдің қыздарына қалың мал көп төленеді? Бұл сұраққа NUR.KZ порталы жауап іздеп көрді.

Фото: Comode.kz
Фото: Comode.kz: Getty Images

Елімізде қалың мал құны орта есеппен 200 мың теңгеден басталып, ең қымбаты бір млн теңгеден асатын көрінеді. Ал "Ана сүті", "Әке күші", "Қыз кәдесі" деп жалғасатын тізіммен су жаңа құдаларына құрмет көрсетуден оңтүстік өңілері көш бастап тұр.

Атап айтқанда, ақ босаға аттаған қыздың артынан ең көп қалың мал сұралатын өңір Түркістан облысы. Мұнда арулардың бағасы 1000 доллардан бастап бір млн теңгеге дейін жалғасады екен. Одан бөлек, бұл өңірде құдалардың қалың малдан басқа ұсынатын сый-сияпаттары да көп көрінеді.

Ал келесі орынға Қызылорда облысы мен Алматы, Жамбыл облыстары жайғасыпты. Бұл аймақтарда да жаңа жанұяның түтінін түтететін аруға қалың мал 500 мың теңгеден бастап төленеді екен.

Бір қызығы, аталған облыстарда қыздың алған білімінің орташа не жоғары болуы берілетін ақшасына тікелей әсер етеді.

Ал қыздың қалың малы ең арзан өңір Шығыс Қазақстан облысы деуге болады. Өйткені, мұнда ұзатылған арудың артынан әкелінетін ақша 200 мың теңгеден басталады. Алайда, соңғы уақытта еліміздің шығысында бұл дәстүр өз кейпін жоғалтып бара жатқан сыңайлы. Жалпы семейліктер қалың малдың атымен жоқ екенін, жаңа құдалар тек "Ана сүтін" әкелетінін алға тартып отыр.
Фото: comode.kz
Фото: comode.kz: Twitter

Аталған салттың мәні азайған аймақтарға Атырау, Ақтөбе, Орал, Павлодар және Қарағандыны жатқызуға болады. Батыс өңірлерде бойжеткен үшін қалың малдың орнына "Ана сүтін" берер болса, орталық пен солтүстік өңірлерде бұл дәстүр атымен жоқ екен.

"Қыздың бағасы қымбат" өңірлердің арасында Маңғыстау облысы да бар. Бұл аймақта ақ босаға аттаған аруға берілетін қалың мал 500 мың теңгеден басталып, бір млн теңгеге дейін жалғасады.

1 млн теңге: Шымкент пен Маңғыстаудың қыздары қалың малдан көш бастады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.