Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аязды күні астаналық азаматтың тілі жарықшамға жабысып қалған (видео)

Опубликовано:

Елорда тұрғыны аязды күні жарықшамға соғылып, жабысып қалды. Бұл видео astana_sergek Instagram-парақшасында жарияланған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Twitter

Бейнежазбаға қарағанда оқиға Тәуелсіздік даңғылындағы Бейбітшілік және келісім сарайы ауданында орын алған. Кадрда азаматтың жабысып қалған тілін тартып жатқанын байқауға болады. Ал оның қасындағы нәзік жандылар әзілдеп, күліп жатыр.

Астана тұрғынының бұл әрекетке не себепті барғаны белгісіз. Елордадағы денсаулық сақтау басқармасы мен Төтенше жағдайлар департаменті аталған оқиғаға байланысты ешқандай қоңырау түспегенін айтқан.

Соған қарағанда, тұрғындар бұл мәселені өздері шешкен болуы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1770895-aazdy-kni-astanalyk-azamatty-tili-zaryksamga-zabysyp-kalgan-video/

pixel