"Денисті өлтіру ойда болмаған": Күдіктілер тағылған айыппен келіспей отыр
Жарияланған күні:
Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты екінші сот отырысы басталды. Оның барысында үш айыпталушы да өздерінің кінәсін мойындамай, тағылған айыппен келіспейтіндерін айтты деп xабарлайды NUR.KZ тілшісі.
"Ұрлыққа келісемін, қарақшылық пен адам өлтіруге келіспеймін. Біреуді өлтіру ойда болмаған",- деді күдікті Құдайбергенов.
Күдіктінің бұл айтқанымен Нұралы Қиясов та келісетінін жеткізді.
"Тағылған айыппен келіспеймін. Өлтіргіміз келмеген", -деді Қиясов.
Толыбаева болса, тіпті қылмысқа бара жатқанын білмегенін айтты.
"Мені қылмысқа қатысушылар қатарынан алып тастауларыңызды сұраймын. Мен ұрлыққа барғанымызды білмедім. Оған қоса, Дениске қалай пышақ сұғып жатқанын да көргем жоқ. Мен жеті шақырым емес, одан да алыс жерде тұрдым",- деді Жанар Толыбаева
Күдіктілер қылмысқа арнайы дайындалған болып шықты. Олар бір күн бұрын дүкеннен арнайы ас үй пышағы мен қолғап сатып алған.
Ертесіне Денис Теннің көлігін байқап қалған олар өздерінің көлігін "Достық" мейрамxанасының маңына қалдырып, ұрлық жасамақ болыпты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1771455-denisti-ltiru-ojda-bolmagan-kdiktiler-tagylgan-ajyppen-kelispej-otyr/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.