ШҚО-ның Зырян ауданы және Зырян қаласы Алтай болып өзгерді
Опубликовано:
Елбасының Жарлығымен Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданы және Зырян қаласы Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы және Алтай қаласы болып өзгертілді деп хабарлайды Ақорда.
![Назарбаев. Фото:Хабар 24 Назарбаев. Фото:Хабар 24](https://cdn.nur.kz/images/1120/b894e64d2d8c3133.jpeg)
Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданын және Зырян қаласын Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы және Алтай қаласы деп қайта атау туралы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін:
1. Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданы және Зырян қаласы Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы және Алтай қаласы деп қайта аталсын;
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1771556-sko-ny-zyran-audany-zne-zyran-kalasy-altaj-bolyp-zgerdi/