Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда жалған хаттама толтырған полицей масқара болды

Опубликовано:

Атыраудағы Құрманғазы ауданының соты әкімшілік тәртіп бұзушылық бойынша жалған хаттама толтырған полиция лейтенантына қатысты үкім шықты деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

today.kz
Көрнекі фото:today.kz: Facebook

Бұл оқиғаның ең қызығы, полицей мүлде шылым шекпейтін адамға қоғамдық орында шылым шеккені үшін айыппұл салған.

Жәбірленуші сотта полицейдің оны тас жолда тоқтатып, жақын жарық шамынсыз келе жатқанын хабарлаған. Бірақ оқиға орнында әкімшілік тәртіп бұзушылық жөнінде хаттама толтырмаған. Ол жүргізушіден бос қағазға қолын қойдыртып алған.

Осыдан кейін жүргізуші оған қоғамдық орында шылым шеккені үшін айыппұл салынғанын білген. Ал шылым шекпейді екен.

Сотталушы өз кінәсін мойындамаған, бірақ тергеу барысында ол толығымен дәлелденді.

"Сот қолжазу сараптамасы әкімшілік тәртіп бұзушылық туралы хаттамадағы жазу айыпталушыға тиесілі екенін көрсетті", - деп хабарлады аудандық соттың баспасөз қызметі.

Сот полицейді "Лауазымдық тұлға әкімшілік тәртіп бұзушылыққа қатысты дәлелдерді бұрмалау" бабы бойынша кінәлі деп тауып, бір жылға дейін бостандығын шектеу және мемлекеттік қызметте екі жыл жұмыс стемеу жазасына кесті. Сонымен қатар ол полиция лейтенанты атағынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1771593-atyrauda-zalgan-hattama-toltyrgan-policej-maskara-boldy/

pixel