Денис Теннің анасы ұлының өліміне не себеп болғанын ашып айтты
Опубликовано:
Оксана Тен ұлын не себепті өлтіріп кеткені жөнінде өз болжамын айтты. Бұл жөнінде спортшының анасы Алматыда өткен сот отырысы кезінде мәлімдеді деп xабарлайды NUR.KZ.
![Денис Тен. Фото: Sputnik/Тимур Батыршин Денис Тен. Фото: Sputnik/Тимур Батыршин](https://cdn.nur.kz/images/1120/c6f7d70fcb6d85a5.jpeg)
"Оның өмірлік ұстанымы біреуге жақпаған болар. Мүмкін оның жетістігін біреулер көре алмаған шығар. Бірақ бұл жағдайға ақшаның қатысы жоқ", - деді спортшының анасы.
"Сол күні Дениспен барлығы кездескісі келді. Оның кетер алдында, Санжар Мәдиев те 18-і xабарласып, 19-ы күні кездескісі келді. Оның өліміне үш күн қалғанда осындай біртүрлі жайттар орын алды", - деді Оксана Тен.
Айта кетейік, бүгінгі сот отырысында Денис Теннің анасы ұлын арнайы тапсырыспен өлтіргеніне сенімді екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ Оксана Тен ұлының соңғы минуттары жайлы айтып берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1771633-denis-tenni-anasy-lyny-limine-ne-sebep-bolganyn-asyp-ajtty/