Батыс Қазақстанда ауа райына байланысты барлық жолдар жабылды
Опубликовано:
Батыс Қазақстан облысында барлық жолдар жабылды деп хабарлайды Қазақпарат.
![Фото:pogoda.unian.net Фото:pogoda.unian.net](https://cdn.nur.kz/images/1120/dbb9a8d45bfad322.jpeg)
Қаңтардың екінші онкүндігінде күн жылынады. Ал әзірге боранға байланысты БҚО-дағы жолдар жабылған.
"Қазавтожол" ЖШС БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, бүгін сағат 11.00-ден бастап осындай шешім қабылданды.
Қатты бұрқасынға байланысты республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда барлық автокөлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1771800-batys-kazakstanda-aua-rajyna-bajlanysty-barlyk-zoldar-zabyldy/