Ішкі істер министрлігі аяусыз соққыға жығылған студентке қатысты пікір білдірді
Опубликовано:
Қазақстандықтарды WhatsApp желісінде таралған видео дүрліктірді. Ел тұрғындары соққыға жығылған жігіт туралы видеоны бір-біріне таратуда. Осы видеоға қатысты ІІМ пікірлерін білдірді деп жазады NUR.KZ.
![Видеодан скриншот Видеодан скриншот](https://cdn.nur.kz/images/1120/d1981765d614e3cb.jpeg)
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы таралуда.
Кадрлардан студенттердің жолдастарын жатақхана бөлмесінде ұрып жатқанын көруге болады.
Қазақстандықтар видео біздің елде түсірілген деп ойлаған. Алайда ІІМ-гі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Бұл бес-алты жыл бұрын түсірілген видео. Біздің елге ешқандай қатысы жоқ", - деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1771903-iski-ister-ministrligi-aausyz-sokkyga-zygylgan-studentke-katysty-pikir-bildirdi/