Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дүкенге кеткен қарағандылық әйел із-түссіз жоғалып кетті

Опубликовано:

Қарағанды полициясы 48 жастағы әйел адамның жоғалуына қатысты істі тергеуді бастап кетті. Әйел адам дүкенге кеткен күйі үйіне оралмаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Полиция департаменті
Фото:Қарағанды облысының полиция департаменті: UGC

Альфия Асанова 29-шы желтоқсан күні жоғалған. Ол қалтасына 10 мың теңге салып, дүкенге азық-түлік алуға кеткен.

«Биполярлы сананың бұзылуы» диагнозына қарамастан әйел адам өз бетімен көшеге шығып, дүкен аралай алатын.

«Альфия Асанованың жоғалуына қатысты іздеу жұмыстары жүргізілуде. Іздестіру ісі ашылды», - деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз өкілі.

Альфия Асанова қою жасыл түсті куртқа, қоңыр қаракүзеннен тоқылған бас киім және оюы бар пима етік киген. Бойы 164 сантиметр, қоңыр көзді, шашы қара, дене-бітімі орта.

Жоғалған әйелге қатысты қандай да бір ақпаратты білген жандардан мына телефондарға хабарласуды сұрайды: 8 708 352 64 60 (ерікті), 8 775 431 5311 (полиция) немесе 102.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1771908-dkenge-ketken-karagandylyk-jel-iz-tssiz-zogalyp-ketti/

pixel