Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты кезекті сот отырысы басталды
Жарияланған күні:
Алматыдағы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында Денис Теннің өліміне қатысты кезекті тыңдалым басталды деп хабарлайды NUR.KZ.
Танымал спортшының қазасына қатысты сот отырысына жәбірленуші жақтан Оксана Тен, айыпталушылар ретінде Қиясов Нұралы, Құдайбергенов Арман және Толыбаева Жанар қатысуда.
Айта кетейік, Денис Теннің өліміне кінәлі деп танылған күдіктілер өзіне тағылған айыппен келіспей отыр. Олар өз кінәсін әлі де мойындаған жоқ.
Оған қоса, күдіктілер марқұм болған мәнерлеп сырғанаушының анасынан кешірім де сұрамаған.
Сонымен қатар, бұған дейінгі сотта Оксана Тен Денистің өлімі тапсырыспен болғанына сенімді екенін айтты.
Одан бөлек, күдікті Арман Құдайбергеновтің қылмысынан соң танысынан бес мың доллар сұрағаны белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772000-almatyda-denis-tenni-limine-katysty-kezekti-sot-otyrysy-bastaldy/