Астаналықтар тегін әжетханасы бар мұз қалашықтарына ағылуда (фото)
Опубликовано:
Жаңа жылдан кейін үш күн қатарынан демалған астаналықтар қаладағы мұз қалашықтары мен сырғанақтарды торуылдаумен болды. Бас қаладағы мұз сырғанақтарда ине шаншар орын болған жоқ деп хабарлайды NUR.KZ.
![Коллаж: NUR.KZ Коллаж: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/83f82dd35e9ddb5c.jpeg)
Биыл елорда бойынша бірнеше мұз айдыны мен сырғанақтар ашылды.
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/4f293edb5abddd3b.jpeg)
Астаналықтардың таңдауы әсіресе Пирамидадан бастап Ақордаға қарай бет алған сырғанаққа көп түскен.
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/c3a26f294aa292a3.jpeg)
Мұнда қала тұрғындарының демалысы үшін барлық жағдай жасалған. Елордалықтардың кейбірі мұз қалашығында мынадай ерекше орындықта тізе бүктірсе, енді бірі қар үстінде жүретін көліктерге отырумен болды.
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/372fc971f27de25a.jpeg)
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/4754b0f4c6478bbb.jpeg)
Сондай-ақ, мұз қалашығында тегін әжетхана да орнатылған.
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/c662a09fa9eac766.jpeg)
Қуантарлығы қалашықтарда қоқыс тастайтын жәшіктер де тұрды.
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/599e209fa7afe9d1.jpeg)
Мұз сырғанақтарының қызығын әсіресе қаланың кішкентай тұрғындары көруде. Ұзындығы 50 метрден астам сырғанаққа келушілердің қатары көп болғаны соншалық, олардың көпшілігі кезек күтумен тұрды.
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/8be515790f32db5b.jpeg)
"Биыл мұз қалашықтары қала бойынша өте көп салынды. Демалыс күндері далада серуендегенге не жетсін? Сол себепті отбасымызбен келіп қалдық. Жалпы демалыс күндеріміз керемет өтуде", - дейді қала тұрғындарының бірі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772034-astanalyktar-tegin-zethanasy-bar-mz-kalasyktaryna-agyluda-foto/