ІІМ жоғары лауазымды 450 полицейді жұмыстан босатпақшы
Опубликовано:
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов алдағы уақытта ведомствода болатын реформа туралы айтып берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.
![ааааа ааааа](https://cdn.nur.kz/images/1120/d1920a223a696e71.jpeg)
Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген Сүлейменов реформа жасау мақсатында арнайы жол картасы әзірленіп, негізгі 9 бағыт айқындалғанын айтты.
"Ішкі істер органдарының ұйымдастырушылық-штаттық құрылымын оңтайландыру ескерілген.
Осы орайда артық басқарушылық буындарды тарату мен штаттық санды 10 пайызға азайту қарастырылған», - деді министрдің орынбасары.
Оның сөзіне қарағанда, 450 басқарушылық лауазымдар қысқарады деп күтілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772148-iim-zogary-lauazymdy-450-policejdi-zmystan-bosatpaksy/