Ремизовка енді Асқартау: Алматыда 27 шағынауданның атауы өзгертілді
Жарияланған күні:
Алматыда 27 шағынауданның атауы өзгертілді. Тиісті қаулы "Әділет" АҚЖ сайтында жарияланған. 28 желтоқсан күні қабылданған құжат әділет органдарында келесі күні тіркелген деп хабарлайды NUR.KZ.
Қала тұрғындарының пікірін ескере отырып және ономастикалық комиссиялардың қорытындысы негізінде әкімдік мәслихатпен бірлесіп бірқатар шағын аудандардың атауын өзгерту туралы шешім қабылдады.
Нәтижесінде Алатау ауданы бойынша:
- "Алғабас-1" шағынауданы- "Нұркент" шағынауданы;
- "Алғабас-2" шағынауданы- "Ботакөз" шағынауданы;
- "Алғабас-3" шағынауданы- "Ақмаржан" шағынауданы;
- "Алғабас-4" шағынауданы- "Ғажайып" шағынауданы;
- "Алғабас-5" шағынауданы- "Дарабоз" шағынауданы;
- "Алғабас-6" шағынауданы- "Зерделі" шағынауданы;
- "Заря востока" шағынауданы- "Шапағат" шағынауданы;
- "Құрылысшы" шағынауданы-"Самғау" шағынауданы;
- "Трудовик" шағынауданы-"Томирис" шағынауданы болып өзгертілді.
Әуезов ауданы бойынша:
1. "Дубок" шағынауданы-"Шабыт" шағынауданы;
2. "Дубок-2" шағынауданы- "Атамекен" шағынауданы;
3. "Школьный" шағынауданы- "Жазира" шағынауданы;
4. "Школьный-2" шағынауданы- "Алмас" шағынауданы;
5. "Тепличный" шағынауданы-"Қуаныш" шағынауданы деп ауыстырылды.
Бостандық ауданы бойынша:
1. "Алатау" шағынауданы-"Нұр Алатау" шағынауданы,
2. "Алмаарасан" шағын ауданы-"Архат" шағынауданы болып өзгертілсе,
Бостандық, Наурызбай аудандары бойынша:
"Жайлау" шағынауданы-"Ғаламат" шағынауданы деп аталатын болды.
Ал Бостандық, Медеу аудандары бойынша:
"Ремизовка" шағынауданы- "Асқартау" шағынауданы деп ауыстырылды.
Жетісу ауданы бойынша:
1. "Дорожник" шағынауданы- "Көкмайса" шағынауданы;
2. "Первомайский" шағынауданы- "Кемел" шағынауданы деп өзгертілді.
Медеу ауданы бойынша:
1. "Родник" бағбандық қоғамының шығысында және "Қорғаушы-Защитник" бағбандық қоғамының оңтүстігінде орналасқан "Ақтөбе" шағын ауданы - "Шарапат" шағын ауданы";
2. "Горный садовод" бау-бақша қоғамының солтүстігінде орналасқан "Ақтөбе" шағын ауданы - "Алтын" шағын ауданы";
3. "Бутаковка" шағынауданы-"Мұзтау" шағынауданы болып ауыстырылса,
Наурызбай ауданы бойынша:
1. "Алатау" шағынауданы - "Байтақ" шағынауданы;
2. "Каменка-3" шағынауданы- "Мейрам" шағынауданы;
3. "Қарағайлы-2" шағынауданы- "Дария" шағынауданы деп өзгертілді.
Ал Түркісіб ауданы бойынша:
1. "Колхозшы" шағынауданы-"Нұршашқан" шағынауданы деп аталатын болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772204-remizovka-endi-askartau-almatyda-27-sagynaudanny-atauy-zgertildi/