Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауа райы: Алдағы күндері елімізде 37 градусқа дейін аяз күшейеді

Опубликовано:

Алдағы күндері еліміздің батыс облыстарында күн жылып, қалған аймақтың бәрінде күн қайтадан суытады деп хабарлайды РМК Казгидрометке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: politeka.net
Көрнекі фото: politeka.net: Facebook

Синоптиктердің айтуынша, Орталық Азия аймағынан келетін циклон ықпалынан еліміздің оңтүстік пен оңтүстік шығыс өңірлерінде қар аралас жаңбыр жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Республикамыздың шығысында қар жауып, боран тұрып және қатты жел болады деп күтілуде.

Ауа температурасы алдағы күні жоғарылап, 11 қаңтар күні төмендей бастайды. Соның ішінде еліміздің шығысында күн қатты суытады. Бұл өңірлерде түнде ауа температурасы 30-37 гдадусқа дейін төмендейді.

Қазақстанның солтүстік және орталық облыстары жоғары атмосфералық қысым аумағында болатындықтан, кейбір жерлерде аздап қар жауып, түнде 28-35 градусқа дейін аяз күтіледі.

Батыс облыстарда температура жоғарылап, қар жауып, көктайғақ болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772295-aua-rajy-aldagy-knderi-elimizde-37-graduska-dejin-aaz-ksejedi/