Павлодар облысында қолында айдаһардың суреті бар жігіт жоғалып кетті (фото)
Опубликовано:
Павлодар облысында 25 жастағы Саят Әбілов есімді азамат табылмай жатыр. Жас жігіт жаңа жыл түні қызымен ұрсып қалып, 1 қаңтар күні үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен. Содан бері одан еш хабар жоқ деп хабарлайды NUR.KZ.
![Павлодар облысында қолында айдаһардың суреті бар жігіт жоғалып кетті (фото) Павлодар облысында қолында айдаһардың суреті бар жігіт жоғалып кетті (фото)](https://cdn.nur.kz/images/1120/569d07673f1a23dd_w.jpeg)
Павлодар облысы Тереңкөл ауылындағы үйінен Саят шамамен түнгі бірде шыққан. Үстінде спорттық сұр трико, капюшоны бар қара куртка мен аяғында қара кроссовка болған.
Ерекше белгілері: Бойы 165 см, шымыр денелі, сол жақ білегінде айдаһардан татуы болған.
Із-түзсіз кеткен жігітті еріктілер мен полицейлер жақын маңайдан қарап шыққан. Алайда Саяттың қайдан екенін әлі күнге дейін белгісіз.
Егер сіз Саят Әбіловке қатысты қандай да бір ақпарат білсеңіз 8 771 356 26 32 немесе 102 нөміріне хабар беріңіз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772585-pavlodar-oblysynda-kolynda-ajdaardy-sureti-bar-zigit-zogalyp-ketti-foto/