Астана тұрғыны 555 рет жол ережесін бұзған (видео)
Опубликовано:
Астаналық тұрғын 555 рет жол ережесін бұзып, оған 6 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Ер адам Kia Rio және Škoda маркалы екі автокөлікке бір нөмір тағып алып жүрген деп хабарлайды Елорда Инфо.
![Фото:russianchicagomag.com Фото:russianchicagomag.com](https://cdn.nur.kz/images/1120/c69a8432f444b126.jpeg)
Астана жолдарында жүрген отыз көлік иесінің айыппұлы миллиондаған теңгені құрады. Оларды қазір полиция іздеу үстінде. Ал оларға тиісті айыппұлдың жалпы сомасы 106 858 960 теңге болған
6 225 405 теңге айыппұл жол ережесін 555 рет бұзған жүргізушіге тиесілі.
"Астанада өткен жылдың сәуір айынан бастап Полиция департаменті "Борышкер" жедел-алдын алу іс-шараларын өткізді. Осы уақытта Астана аумағындағы сондай-ақ барлық "Рубеж" бекеттеріндегі көлік қозғалысын бақылаудың автоматты жүйесін, электрондық планшеттерді және "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешенін пайдалана отырып, әкімшілік айыппұл бойынша қарызы бар азаматтар анықталды.
Жедел-алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде базада жоқ, жалған немесе шетелдік нөмірлер мен жалған мекен-жай көрсетілген 800-ге жуық жүргізуші тоқтатылды", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772624-astana-trgyny-555-ret-zol-erezesin-bzgan-video/