Арман Құдайбергенов Денис Теннің анасы мен барша халықтан кешірім сұрады
Опубликовано:
Арман Құдайбергенов Денис Теннің өліміне қатысты сот отырысында танымал спортшының анасынан кешірім сұрады. Сот алдында жауап берген күдікті бұл қайғылы жағдайдың орын алғаны үшін қатты өкінетінін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.
![Фото: Алматы полиция департаменті/Instagram Фото: Алматы полиция департаменті/Instagram](https://cdn.nur.kz/images/1120/5a79b4e4b7db27c7.jpeg)
"Мен Денис Теннің ата-анасынан, барша қазақстандықтардан кешірім сұраймын. Менің ойымда адам өлтіру ешқашан болмаған. Ұрлық ісімді мойындаймын. Бірақ мен адам өлтіремін деп бармағанмын. Ондай мақсат мүлде болмаған" , - дейді Құдайбергенов.
Еске сала кетейік, Алматыда марқұм Денис Теннің ісіне қатысты сот отырысы жалғасуда.
Бүгінгі тыңдалымда күдіктінің бірі Арман Құдайбергенов оқиғаның қалай болғанын баяндап берген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772664-arman-kdajbergenov-denis-tenni-anasy-men-barsa-halyktan-kesirim-srady/