АҚШ азаматы қазақстандық әйелдің жоғалған 10 мың долларын тауып берді (видео)
Опубликовано:
Қазақстандық әйел Айя Түлемағанбетова Нью-Йорктегі метроның бірінде сөмкесін жоғалтып алған. Ішінде 10 мың доллары бар сөмкені арада бірнеше уақыт өткенде АҚШ тұрғыны өз иесіне қайтарған деп жазады newyork.cbslocal.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
![Айя Түлемағанбетова. Фото:CBS New York Айя Түлемағанбетова. Фото:CBS New York](https://cdn.nur.kz/images/1120/e44fb1da6fa990d5.jpeg)
Қазақстандықтың айтуынша, ол көп мөлшердегі қаражатты балаларына мерекелік сыйлық алуға жұмсамақ болған.
Өзіне сөмкесін қайтарған 63 жастағы Ричард Тавернаға риза болған Түлемағанбетова АҚШ тұрғындары жайлы ойының өзгергенін жасырмады.
"Ричард - өте адал адам екен. Осы оқиғадан кейін менің АҚШ тұрғындары жайлы пікірім өзгерді", - дейді Айя.
Үлкен көлемдегі қаражаты өзіне қайта оралған әйел оның 1000 долларын қайырымдылыққа жұмсаса, сөмкесін қайтарған Ричардқа "Алтын адам" тәріздес кәдесый табыс еткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772675-aks-azamaty-kazakstandyk-jeldi-zogalgan-10-my-dollaryn-tauyp-berdi-video/