Алматы маңында аударылып қалған Toyota жанармай бекетіне кіріп кетті (фото, видео)
Опубликовано:
Талғар жолында, Тұздыбастау елдімекенінде жол көлік апаты орын алып, Toyota Carina мен Mercedes соқтығысты деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
![Фото:Zakon.KZ Фото:Zakon.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/f3527c15b0e19a40.jpeg)
Жапондық көлік Алматыға қарай, ал Mercedes Талғарға қарай кетіп бара жатқан.
Неміс көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіпті. Онымен соқтығыспау үшін Toyota жүргізушісі рөлді бұрған, дегенмен көлік оны сырып соққан.
![Zakon.KZ Zakon.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/e1d520cff5aa879e.jpeg)
Соққы нәтижесінде көлік аударылып, сырғып барып жанармай бекетіне кіреді.
Аударылған көлік жүргізушісі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
![Фото:Zakon.KZ Фото:Zakon.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/9036fbc84ac9053a.jpeg)
Куәгерлер Mercedes жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетпек болғанын жеткізді. Бірақ оны қуып жетіп, тәртіп сақшыларының қолына тапсырған.
![Фото:Zakon.KZ Фото:Zakon.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/4513b82c300c4379.jpeg)
Жол-көлік оқиғасы бақылау камераларына түсіп қалған.
![Фото:Zakon.KZ Фото:Zakon.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/45fa980e1ec4ba04.jpeg)
![Фото:Zakon.KZ Фото:Zakon.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/d77cc8bdea9c69b0.jpeg)
![Фото:Zakon.KZ Фото:Zakon.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/7edda2937eb7abfc.jpeg)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772779-almaty-maynda-audarylyp-kalgan-toyota-zanarmaj-beketine-kirip-ketti-foto-video/