Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мынатаубиік: Есімі ерекше оралдық зейнеткер жайлы не білеміз?

Жарияланған күні:

Батыс Қазақстан облысындағы Орда ауданында есімі ерекеше кісі тұрады. Жасы – 69-дағы зейнеткердің аты-Мынатаубиік. Осы орайда Замана басылымы елді қызықтыр­ған есімнің сырын білмек ниетте ол кісінің өзімен әңгімелескен.

Мынатаубиік Әнесов. Фото: zamana.kz
Мынатаубиік Әнесов. Фото: zamana.kz: Depositphotos

Мынатаубиік Әнесовтің сөзінше, ерекше атты әкесі қойған екен.

"Әкем 1942-жылы соғысқа аттанып, елге 1947-жылы келген екен. Өзі орысша-қазақшаға жетік, сурет салатын, топограф бол­ған. Әрі қуақылау, сөзге шешендігі де жоқ емес екен. Осы Орда ауданында тау деуге де аса келіңкіремейтін төбешік болатын. 1950 жылы үйленгеннен кейін әлгі төбенің басында жігіттерді жинап алып, бір әңгімелесіп отырғанында: "Ертең әйелім босанып, ұл тапса, оның атын осы таудай биік деп қоямын", – деп айтыпты.
Өзінің есімі – Таупиық. Анам босанған соң өзінікіне ұқсатып, аты Мынатаубиік болсын деп шешіп, анасына келсе: "Қайдағы ұл, әйелің қыз тапты!" – деп көңілін су сепкендей басыпты. Содан: «Қап, балам мына таудай биік болсын деп армандап едім..." – деп іштей қынжылып қалады.
Қырық күн өткен соң әжеміз жаңағы төбешіктің басына сол жігіттерді жинатып, қазан-ошақ қойдырып, киіз үй тігіп, ас беріпті де: "Мынау сенің балаң", – деп мені әкеме сол кезде ғана бір-ақ көрсеткен екен. Оны естіген әкеміз қуанып, сол күні атымды азан шақырып, өзі армандағандай Мынатаубиік деп қойыпты", - дейді зейнеткер.

Мынатаубиік Әнесовтің айтуынша, өзінің тағы екі есім болған. Бала кезінде әкесі өзі қойған атын қысқартып Мәнөк деп атап кетсе, екіншісі интернатта алған Марат есімі екен.

"Бірақ құжаттардың бәріне Әнесов Мынатаубиік Таупиықұлы деп жазылды. Көбіне есімімді ешкім түсініп болмайды, одан қалса, "ол қалай жазылады" деп шығады, содан соң өзім жазып беруге тырысамын", - дейді қария.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772886-mynataubiik-esimi-erekse-oraldyk-zejnetker-zajly-ne-bilemiz/