Қазақстандықтар әлемдегі ең ақылды адамдар тізіміне енді
Опубликовано:
Vouchercloud порталы үш көрсеткішке - Нобель лауреаттарының санына, ел тұрғындарының орташа IQ көрсеткішіне және мектеп үлгерімінің критерийлеріне сәйкес жасалған әлемнің ең ақылды елдерінің рейтингін жариялады. Бұл тізімде қазақстандық оқушылар үздік ондыққа енді деп хабарлайды NUR.KZ.
Қазақстан бұл жолы әлемнің ең ақылды 25 елінің қатарына кірмесе де, рейтинг құраушылар отандық оқушылардың жетістіктерін жоғары бағалады.
Мектеп оқушыларының ең үздік жетістіктері бар елдер рейтингісінде Қазақстан Швейцария, Израиль, АҚШ және басқа да көптеген елдерді басып озып, тоғызыншы орынға шықты. Бұл нәтиже топ авторларын таң қалдырмай қоймады.
Аталған тізімде Ресей алтыншы орынға табан тіресе, әлемнің ең ақылды оқушылары Сингапурден болып шықты.
25 ақылды елдің қатарына Жапония, одан кейін Швейцария мен Қытай енді. Ал бұл рейтингте жоғары көрсеткіш көрсеткен АҚШ Нобель сыйлығын алған тұлғалармен ғана көшке ілессе керек.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772961-kazakstandyktar-lemdegi-e-akyldy-adamdar-tizimine-endi/