jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

"Аудандағы аялдама сияқты": Қызылордалық қария "ЭКСПО" алаңын сынға алды (фото)

: Facebook

Астанадағы "ЭКСПО" қалашығы жанындағы автобус аялдамасын қалаға қонаққа келген қария сынға алды. Мейманның айтуынша, ЭКСПО маңайында көрмеге кіретін жөнді жол да жоқ екен. Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Коллаж: NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ: Facebook

Астанаға қыдырып келген қызылордалық Жомарт есімді ақсақалдың айтуынша, "аялдама орындығы екі ағаштан құрастырыла" салған екен.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook
"Астанаға балам мен немерелерімен келген едім. Сол жағалаудағы "Жағалау" тұрғын-үй ауданында тұрамыз. Айтайын дегенім, былтыр жазда ЭКСПО-ға келе алмаған соң, балам болмай биыл алып келді.

Содан қойшы, бәрін араладық, іші-сырты айнадай жарқырап тұр, сөзім жоқ. Келгенде көлікпен келіп, көлігіміз аяздан жүрмей, қайтарда автобуспен қайтуға тура келді.

Бізге Рысқұлов көшесі жақын болғандықтан, сол жаққа бет алған едік.

Бәйбішем екеуміз жөнді жолға түспей, тобықтан асатын қарлы жолмен жүрдік. Әлгі жолда жүрудің өзі "қиямет-қайым".

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Біз сияқты үлкен адамдарға, аяғы ауыратын жандарға өте ауыр. ЭКСПО емес, жапан далада келе жатқан сияқтысың.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook
Әйтеуір немерем бар, аялдамаға әрең жеттік. Аялдамаға келгеніміз сол еді, ондағы орындықты көріп тағы көңілім құлазыды.

Адамдар отыратын орындық деп екі ағашты шегемен қаға салған.

Өткенде ғана министрліктер үйі жанындағы аялдаманы көргенбіз. Жып-жылы, жабық аялдама жасап қойған.

Ал мына аялдама біздің Қызылордадағы аудан орталығындағы секілді.

Шетелден келетін адамдар түгілі, шеттен келген біз мынадай аялдаманы көріп ұялып отырмыз. Былай қарасаңыз қаланың ортасы, ал аялдаманың түрі мынау",-деп кейіді ақсақал.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Сонымен бірге, ол қала билігіне "әжетханасы бар аялдама салғанша, жылы аялдамалардың санын көбейту қажет" деген кеңес айтты.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook
"Астананың қысы өте суық екен. Аязы да бар, желі де бар. Жылы аялдамаларды көбейту керек. Әйтпесе қыста балаларға, оқушыларға обал. Суық өтсе, өмір бойы аурушаң болып кетеді.

Сосын жастардың да қазақ тілін білу жағы ақсап тұр екен. Қазақыландыру керек.

Көп айтты деп сөкпеңіздер, бірақ жанымыз ашығандықтан осылай айтуға мәжбүрміз. Жаңа әкім аялдамалар мәселесін шешеді деп үміттенеміз", - деп сөзін аяқтады қария.
"Аудандағы аялдама сияқты": Қызылордалық қария "ЭКСПО" алаңын сынға алды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.