Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айтыскер ақын Ақмарал Леубаеваның ұлы көз жұмған

Опубликовано:

Айтыскер ақын Ақмарал Леубаеваның отбасы қара жамылды. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған ақын ұлынан айрылған. Бұл туралы Әнші Роза Әлқожа Instagram желісінде жазған деп хабарлайды NUR.KZ.

turkystan.kz
Фото:turkystan.kz: Facebook

Ақмарал Леубаеваның қайғысына ортақтасып, көңіл айтқан әншінің жазуынша, ақынның ұлы жақында дүние салған. Ал таяуда қырық күндігін өткізіп, ас берген.

Осы орайда Роза Әлқожа ішкі тебіренісін өлеңмен жеткізген.

"Атамдатсаң” – атамдат, “Ботамдатпа,” жаратқан! Алладан сабыр ғана тіледім! Сен – талант дегеннің өзі едің, апа. Сен – айтыстың ақмаңдайлысы едің, апа. Әнінің әрі бөлек, жырының мұңы бөлек, жалқым-ау!.. Жанымның жақыны едің. Бұл қайғыңды қайтсем жеңілдетем?! Ердосжанның жаны жәннаттан болғай! Әйгерімжанның қызығын көруге жазсын Алла!",
"Жаным, апам… “Ботамдатқан” жаратқанның ісіне сене алмай, халі қандай болды енді деп іштей ғана сізді ойладым. Иманыңыз бен тобаңыз барын біліп, үнсіз егілдік. Көргенде, көріскенде жұбатарға сөз таппай күмілжігенім-ай! 
Алланың сүйген құлын сынайтыны осы болса, сүйіктісі болғаныңа тәубе еттік, не дейін? Бір түйір ұл беріп, оны міне, өсті, үйленді дегенде қайта өзіне алып қойған тәңірдің ісіне пенденің шағым айтар шамасы бар ма? Ботасын жерлеп, қырық күн қайғырып, іші шерге толған аруананың жанарында айқайлап айтылып жатқан зарын жанарым ғана ұғып тұрды", - деп жазды Роза Әлқожа.

Желі қолданушылары мен айтыскердің тыңдармандары қазаға ортақтасып көңіл айтты.

“Иманды болсын", "Алла сабыр берсін, өкінішті", "Қазаның арты қайырлы болғай, жаткан жері жайлы болсын”, ”Алла қарымына бөлесін”, – деп жазды оқырмандар.

NUR.KZ ұжымы да ақынның отбасына көңіл айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773086-ajtysker-akyn-akmaral-leubaevany-ly-kz-zmgan/

pixel