Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ескендір Сүлейменовтің қазасы: Малика Мұхитова колонияға жіберілді

Опубликовано:

Бүгін, 14 қаңтарда Астанада Ескендір Сүлейменовтің өліміне қатысты іс бойынша апелляциялық соттың қорытынды отырысы өтті деп хабарлайды NUR.KZ.

Малика Мұхитова. Ескендір Сүлейменов. Коллаж NUR.KZ
Малика Мұхитова. Ескендір Сүлейменов. Коллаж NUR.KZ: Instagram

Сот шешімі бойынша, айыпталушы Малика Мұхитова тағы да кінәлі деп табылып, бұған дейін бойжеткенді екі жылға бас бостандығынан айырған соттың үкімі өзгеріссіз қалған.

Судьяның мәлімдеуінше, сот алқасы Мұхитованың кінәсы толығымен дәлелденді деп санайды. Оның әрекеттеріне Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша дұрыс заңды баға берілген.

Сондай-ақ сот алқасы сотталушының жазасын өзгертуге соның ішінде жеңілдетуге негіз жоқ деп шешкен.

Малика Мұхитова жазасын минимал деңгейдегі қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың жазында Астанада болған жол апатынан белгілі ақын Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір Сүлейменов көз жұмған болатын.

Сот шешімімен Ескендірдің өліміне кінәлі деп танылған Малика Мұхитова екі жылға бас бостандығынан айырылып, бес жылға көлік жүргізу құқығынан шектелген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773121-eskendir-slejmenovti-kazasy-malika-mhitova-koloniaga-ziberildi/

pixel