Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жасалды

Опубликовано:

Синоптиктер еліміздің Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында ауа райына байланысты ескерту жасады деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігі.

Көрнекі фото: iz.ru
Көрнекі фото: iz.ru: Twitter

15-16 қаңтар күндері Жамбыл, Түркістан облыстарының және 16 қаңтарда Алматы облысының таулы өзендерінде жауын-шашынның мол жаууына байланысты су деңгейінің көтерілуі ықтимал.

15 қаңтар күні күндіз Түркістан облысының кейбір жерлерінде жауын-шашын мол түсуі ықтимал. Тәулік ішінде кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

15-16 қаңтар күндері Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан, батыстан қатты жел соғып, жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді, 15 қаңтар күні күндіз, 16 қаңтар түнінде жел 23-28 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773148-kazakstanny-s-oblysynda-aua-rajyna-bajlanysty-eskertu-zasaldy/

pixel