Қаңтарда жауған жаңбыр Алматы жұртын таңғалдырды (фото)
Опубликовано:
Алматылықтарды қаңтардың ортасында жауған жаңбырқайран қалдырды. Желі қолданушылары жаңбырдан соң қалада көктайғақ болатынын, түнде ауа температурасы төмендейтінін жарыса жазды деп хабарлайды NUR.KZ.
![фото: NUR.KZ фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/9ff5525b1a9bda9c_w.jpeg)
"Қаңтарда жауған жаңбырдың арты көктайғаққа айналады", "16 қаңтарда түні бойы жаңбыр жауды!", "Қысқы жаңбыр, қысқы жаңбыр!", "16.01.2019 Алматы. Жаңбыр әлі жауып жатыр", "Бүгін күні бойы жауын-шашын болуда, Алматыға көктем келді", "Құстар аулада ән салуда", "Қаңтар, бұл сенбісің?! Қыстың ортасында жаңбыр жауғанын бірінші рет көріп тұрмын!", - деп жазды алматылықтар жарыса.
![фото: NUR.KZ фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/eef1ce148b22b38f_w.jpeg)
Gismeteo сайтының хабарлауынша, Алматыда күндіз + 1, + 3 градус, ал ертеңнен бастап ауа температурасы төмендейді екен.
Қар жауып, күн суытады деп күтілуде.
![фото: Gismeteo фото: Gismeteo](https://cdn.nur.kz/images/1120/2b17f3cb12b7abfe.jpeg)
![фото: NUR.KZ фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/f3bf3b0082482130_w.jpeg)
![фото: NUR.KZ фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/4d7f951710582b03_w.jpeg)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773492-katarda-zaugan-zabyr-almaty-zrtyn-tagaldyrdy-foto/