Сенатор оқушылардың жыныстық сауатын ашатын пән енгізуді ұсынды
Опубликовано:
Сенат депутаты Сәуле Айтбаева мектеп бағдарламасына оқушылардың жыныстық сауатын ашатын жаңа пән енгізуді ұсынды деп хабарлайды КТК арнасы.
![фото: КТК кадрынан фото: КТК кадрынан](https://cdn.nur.kz/images/1120/de81f03b0412ba9d.jpeg)
Балалар құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен жастайынан жыныстық қатынасқа түсетін жасөспірімдердің өміріне алаңдайтынын білдірді.
Сондай-ақ, Сауле Айтбаеваны ұл-қыздардың 13 жастан бастап темекі шегіп, арақ ішуінің белең алуы да шошытып отыр.
"Соңғы бес жылда 15-18 жас аралығындағы 33 мыңнан астам қыз жүкті болған. Оның 10-ы жасанды түсік жасатыпты. Мұның бәрі жастардың төсек қатынасы туралы білімсіздігі кесірінен болып жатыр", - дейді сенатор.
Сондықтан омбудсмен "Гигиена негіздері" деп аталатын пәнді енгізу керектігін, ол пәнді уролог, гинеколог және эпидемиологтар оқыту қажеттігін тілге тиек етті.
Онда педагог-дәрігерлер ұл-қыздарға ерте кезден жыныстық қатынасқа түсуге болмайтынын және контрацепцияны қолданудың маңызы туралы дәрістер оқымақ.
Сонымен қатар шылым мен алкогольдің денсаулыққа қандай зиян тигізетінін жасөспірімдердің санасына сіңірмекші.
Дереккөз: КТК арнасы
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773827-senator-okusylardy-zynystyk-sauatyn-asatyn-pn-engizudi-syndy/