Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Қазақстанның құрамасының бас бапкері тағайындалды

Опубликовано:

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды. Бұл қызметке 53 жастағы чех маманы Михал Билек тағайындалған деп хабарлайды Қазақстан Футбол Федерациясының сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: kff.kz
Фото: kff.kz: UGC

Айта кетейік, Михал Билек 1965 жылы 13 сәуірде дүниеге келген. Футболшы кезінде Чехословакия және Чехия құрамаларының жартылай қорғаушысы болған.

Жаттықтырушы қызметін чехиялық "Теплице" клубында бастады.

Сонымен қатар, «Картахинес» (Коста-Рика), "Хмел", "Виктория Плзень", "Спарта Прага", "Высочина" (барлығы - Чехия), "Ружомберок" ("Словакия"), "Динамо Тбилиси" (Грузия) футбол клубтарын жаттықтырды. Соңғы жұмыс орны - чехиялық "Фастав Злин" командасы.

Михал Билектің жаттықтырушылар штабына енгендер: көмекшілері - словакиялық Михал Хипп және Талғат Байсуфинов, қақпашылардың жаттықтырушысы - Николай Родионов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1774079-futboldan-kazakstanny-kramasyny-bas-bapkeri-tagajyndaldy/

pixel