Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

NUR.KZ сауалнамасы: Еліміздің ең келбетті әкімі анықталды

Опубликовано:

Қазақстандықтар өзінің ең сымбатты әкіміне дауыс беріп, таңдау жасады. Осыдан үш күн бұрынғы "Еліміздің ең келбетті әкімі кім?" атты сауалнаманың нәтижесі шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Еліміздің облыс, қала әкімдері
Фото: Еліміздің облыс, қала әкімдері: Instagram

Қазақстандықтардың ең көп дауысымен (1800 дауыс) Шымкент әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы - ең келбетті әкім атанды.

Ал екінші орынға 1700 дауыспен Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов шыққан.

Ең келбетті әкімдер үштігін Түркістан облысының әкімі - Жансейіт Түймебаев тәмәмдаған (1200 дауыс) бар.

Сауалнама нәтижесінде Тараз әкімі Асқар Мырзахметов - 1100 дауыспен төртінші орынға жайғасса, үздік әкімдер рейтигінде көш басынан түспейтін Алматы әкімі Бауыржан Байбек бұл жолы - 676 дауыспен бесінші орында.

Тізімде одан кейінгі орындарда:

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов - 298 дауыс;

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов - 272 дауыс;

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев - 253 дауыс;

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов - 219 дауыс;

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов - 154 дауыс;

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов - 113 дауыс;

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов - 87 дауыс;

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов - 69 дауыс жинаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1774173-nurkz-saualnamasy-elimizdi-e-kelbetti-kimi-anyktaldy/

pixel