"Депутат-ағаға ұқсайды": Баласын құшақтаған ана мүсіні Алматы халқын шошытты (фото)
Опубликовано:
Алматы қалалық перинаталды орталықтың алдына құшағында баласын ұстаған әйел мүсіні орнатылды. Алайда бұл өнер туындысы тұрғындардың қатаң сынына ұшырады деп жазады NUR.KZ.
Суреттер жарияланған Krisha.kz сайтының Facebook-тегі ресми парақшасында алматылықтар қиял мен мысқылға ерік берген. Тұрғындарға баланың мүсіні мүлде ұнамаған. Олар оны гоблин, тіпті өзге ғаламдық деп атаған.
"Баланың жүзі депутат-ағаға ұқсайды", "Алматылық әйел ұл ма, қыз ба белгісіз біреуді туды", "Сәби 40 жастағы адамға ұқсайды", "Автор өмірінде ешқашан бала көрмеген", - деген оқырмандар сыни пікірлерін жаудырды.
Баланың жүзін түрлі кітап және фильм кейіпкерлеріне де ұқсатқандар табылған.
"Таптым бұл "Сақиналар әміршісіндегі" Голлум", "Доббиге ұқсайды", "Бенджамин Баттон сияқты", "Волан-де-Морттың тірілуі", - деп жазды желі қолданушылары.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1774195-deputat-agaga-ksajdy-balasyn-ksaktagan-ana-msini-almaty-halkyn-sosytty-foto/