Ақтөбеде агенттік өкілдері шенеуніктерге түрмедегі өмірді көрсетті (фото)
Опубликовано:
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті "Бостандығыңды бағала!" атты шарасын өткізді. Осылайша, "Адалдық алаңы" жобасы аясында агенттік өкілдері мемлекеттік қызметкерлерге темір тордың ар жағындағы өмірді көрсетуді жоспарлаған деп хабарлайды NUR.KZ.
![Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі](https://cdn.nur.kz/images/1120/35235f9e58bf30f3.jpeg)
Отызға жуық ақтөбелік шенеуніктер КА-168/1мекемесінде қамауда отырғандарға барды.
"Осындай шаралардың нәтижесінде Ақтөбе облысы сыбайлас жемқорлық деңгейі ең төмен үштікке кірді. Құқықтық статистика есебіне сай 2018 жылы сыбайлас жемқорлыққа жол берген 66 адам жауапкершілікке тартылған",- дейді облыстық департамент басшысы Расул Медетов.
![Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі](https://cdn.nur.kz/images/1120/351670b91253c350.jpeg)
Басшының айтуынша, теміртордың ар жағындағы өмірді көрген мемқызметкерлерде жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптасады.
Қазір Ақтөбеде жемқорлық жасаған төрт қызметкер сот отырысын күтіп қамауда отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1774550-aktbede-agenttik-kilderi-seneunikterge-trmedegi-mirdi-krsetti-foto/