Ақорданың үстіне бірден үш күн көтерілді
Жарияланған күні:
Астаналықтар 23 қаңтар күні таңертең аспаннан ерекше құбылыс байқады. Олар президент резиденциясы - Ақорданың үстінен бірден "үш күн" көру мүмкіндігіне ие болды деп хабарлайды Sputnik Казақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Куәгерлердің бірі бұл құбылысты ұялы телефон камерасына түсіріп алған. Елорда тұрғындарының сөзінше, аспандағы үш күннің жарқырауы өте керемет сезім тудырыпты.
Басылым журналистерінің айтуынша, бұл құбылыс табиғатта өте сирек кездеседі. Ал ғалымдар оны "гало" деп атайды екен.
Жалпы табиғаттың бұл құбылысы жарқыраған сақина сияқты немесе жарық көзінің айналасындағы кемпірқосақ сынды көрінеді.
Ертеде халық мұндай құбылыстарды бір белгіге теңеген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1774630-akordany-stine-birden-s-kn-kterildi/
Жарияланымға реакцияңыз?
Соңғы пікірлер
Барлық пікір саны: 1
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.
Таңертеңгілік күннің құлақтанып шығуын жақсы ырымға жорымаған қазақ жұрты: «Ертеңгі күн құлақтанса, еліңді жау шапқандай қорық» деген сөз тіркесін қалыптастырған. Бұл ауа райының салқындығына байланысты айтылған халық пікірі. Күннің кешке қарай құлақтануын қазақ жұрты жақсыға жорыған. Кешкі күн құлақтанса алға қарай ауа райы жақсы болып, халықтың жағдайыда түзелетін болған. Ел аузында: «Кешкі күн құлақтанса келінің ұл тапқандай қуан» – деген сөз тіркесі қалыптасқан. Мұндай сөз тіркесінің пайда болуының өзі кешкі күн құлақтанғаннан кейін жағдайдың жақсаратындығынан хабар береді.
nadejda