Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістандық емші жаңа босанған әйелдің ішінен 1945 жастағы жынды шығарған

Опубликовано:

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының тұрғыны Берік Ерболатұлы жаңадан босанған келіншектің ішінен 1945 жастағы жынды шығарған. Өзін бақсымын дейтін азаматқа түсінде пайғамбар аян берген деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасының "Пендеміз ғой" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кадр видеодан
Кадр видеодан: Depositphotos

Берік Ерболатұлы 2012 жылдан бері адамдарды емдеп келеді.

"Мен шығарған ең үлкен жын 1945 жаста. Ол күйеуі бар бір келіншектің ішіне кіріп кеткен. Әлгі әйел өзінің күйеуіне, ата-енесіне пышақ алып жүгіре берген. Бірнеше рет оқытқанымен, нәтиже болмаған.
Жын жаңа босанған әйелдің ішіне кірген. Ол әйел 40 күн күтініп жүріп, дәретханаға орамалсыз кірген. Жынның айтуынша, сол уақытта қанмен жабысқан. Осыдан кейін жын ішінен шыға алмай қалған. Қобызбен оқыдым. Әуелі Алланың, сосын менің арқамда ол келіншек жазылды", - деді Берік Ерболатұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1774722-trkistandyk-emsi-zaa-bosangan-jeldi-isinen-1945-zastagy-zyndy-sygargan/

pixel