Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Орта жүзден қыз алған америкалық азамат қазақтарды жақсы көретінін айтты

Опубликовано:

Нью-Йорк штатының тұрғыны Стив Росси Қазақстанның тарихына қызығады. Ол Абылай хан туралы көп оқыған және қазақ жүздерінің ерекшелігін біледі. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Видеодан кадр, Хабар 24
Видеодан кадр, Хабар 24: Facebook

Стив Росси Нью-Йоркте туып, сонда өскен. Ол - бокстан кәсіби жаттықтырушы.

Диана есімді қазақтың қызына үйленген Стив жұбайының отанына деген қызығушылығы пайда болғанын айтады.

Америкалық азаматтың сөзінше, әйелі Орта жүздің қызы екен. Сол үшін орта жүз туралы, әсіресе Абылай ханның өмірі жайлы көп оқыған.

Стив елдің қазіргі жағдайын да жақсы біледі.

Ол тіпті Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы көптеген кітаптарды оқып, Елбасы туралы фильмдер көріпті. Ендігі арманы - мемлекет басшысымен жеке кездесу екен.

Стив жұбайының туған жері Қазақстанға келіп көрген.

Бұл жерде ол мемлекеттік тілде жазылған кітаптарды сатып алып, Нью-Йоркке барғаннан кейін кітапты тиянақты зерттепті.

"Мен қазақтың күйеу баласымын. 10 жастағы және 5 айлық балам бар. Есімі Тимур. Мен Нью-Йоркте өмірге келсем де, Қазақстанның тарихы менің жүрегімде.
Қазақтар өте жақсы халық. Мен екі рет Қазақстанда болдым. Ұлттық тағамдарыңыз бешбармақ, палау, қуырдақ, қымыз, шұбат өте дәмді", - деп ағынан жарылды Стив Росси.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1775033-orta-zzden-kyz-algan-amerikalyk-azamat-kazaktardy-zaksy-kretinin-ajtty/

pixel