Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда ұшақта мас күйінде шу шығарған екі қытайлықтың басы бәлеге қалды

Опубликовано:

Атырау әуежайындағы желілік полицияның кезекші бөліміне "Эйр Астана" өкілдерінен хабарлама түскен. Онда "Атырау-Астана" әуе рейсіне тіркеу барысында ұшу залында қоғамдық тәртіпті бұзған екі азамат бар екені айтылған деп хабарлайды көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: poputno.info
Көрнекі фото: poputno.info: Twitter

Арыз берушілердің айтуынша, мас күйдегі тәртіп бұзушылар өздерін агрессивті ұстаған. Олар әуежай қызметкерлерін балағаттап, ескертулерге мән бермеген.

Тексеру барысында Қытайдың екі азаматы ұсталды. Олар 51 және 41 жаста.

Көлік полициясы оқиғаны анықтау үшін тәртіп бұзушыларды әуе рейсінен түсіріп алған.

Медициналық тексеріс нәтижесі күдіктілердің "орташа деңгейде" мас екенін анықтады.

Артынша полицейлер әкімшілік хаттама толтырып, екі азаматқа 5 АЕК (12 625 теңге) көлеміндегі әкімшілік айыппұл салды.

Атырау қаласындағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот шешімі бойынша ұсақ бұзақылық үшін тәртіп бұзушылар 5 АЕК (12 625 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл төлеуі тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1775134-atyrauda-sakta-mas-kjinde-su-sygargan-eki-kytajlykty-basy-blege-kaldy/

pixel