Астанада көлік карталарын толтыратын жүйе істен шықты

Опубликовано:

"Астана LRT" елорда тұрғындары мен қала қонақтарын компания жүйесінде жүргізіліп жатқан техникалық жұмыстар жайлы хабардар еткен. Оның нәтижесінде кейбір серверлердің жұмысында қиындық туындауы мүмкін. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі мәлімдеді деп жазады NUR.KZ.

Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz: Instagram

Техникалық қызмет бойынша жұмыстар бүгін сағат кешкі тоғыздан бастау алмақ.

Компанияның мәлімдеуінше, оның кесірінен сағат 18:00-ден бастап, Qiwi, Kaspi.kz, transcard.kz және интернет-банкингтер арқылы жол ақысы төленбейді.

Жөндеу жұмысы бір тәулікке жоспарланған. Ол 27 қаңтардың сағат кешкі алтыда аяқталмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1775243-astanada-klik-kartalaryn-toltyratyn-zje-isten-sykty/