Елді шулатқан тақырбас келін ана атанды (фото)
Опубликовано:
Ел арасында MAKVIN лақап атымен танылған Нұрболат Базарбаев күні кеше ғана әке атанды. Оның қалыңдығы Жәния сәбиімен түскен суретін желіге жүктеген деп жазады NUR.KZ.
![Фото: Instagram Фото: Instagram](https://cdn.nur.kz/images/1120/b4292830ec01dcef.jpeg)
Естеріңізде болса, елді дүрліктірген той былтыр жазда болған еді.
MAKVIN лақап атымен танылған Нұрболат Базарбаев тақырбас қалыңдыққа үйленіп, тойын дүркіретіп өткізген еді.
Күні кеше ғана ерлі-зайыптылар алғаш рет ата-ана атанған.
Әншінің жары Жәния желіге сәбиін құшақтап түскен суретін салып, көптің ыстық ықыласына бөленген. Онда ол:
"Бізге бір күн", - деген қысқа ғана жазба қалдырған.
Желі қолданушылары "Сәбидің бауы берік болсын", "Қуаныштымыз", "Үлкен азамат болсын" деген тілектерін жаудырып жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1775313-eldi-sulatkan-takyrbas-kelin-ana-atandy-foto/