Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүйіктісіне 1001 раушан гүлін сыйлаған жігіт жұртты таңғалдырды

Опубликовано:

Kazakh.toy парақшасында сүйіктісіне 1001 раушан гүлін сыйлаған жігіттің видеосы тарап кетті. Сансыз гүл шоқтарын көрген желі қолданушылары ер адамның мәрттігін сынға алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Instagram

Желі қолданушыларының көбісі 1001 гүлге қаражатын сарп еткен азаматты қызу талқыға салған.

"Ақшасы болса, жоқ-жетімге көмектеспейді ме?", "Осылардан кедейлер қаражат сұраса, бермес еді", "Әйтеуір видеоға түсіп, мақтану ғой", "Екі-үш күн ғана өмір сүретін гүлдерге сонша қаражатты сарп етіп", - деп жазды желі қолданушыларының жартысы.

Желідегілердің арасында жас жігіттің әрекетіне ризашылық танытқандар да болды.

"Жарайсың", "Сүйіктісіне ыстық сезімін керемет көрсетті", "Мына жігіт арман ғой", "Барлық жігіттеріміз осындай романтик болса ғой", - деп ақтап алды олар ер азаматты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1775337-sjiktisine-1001-rausan-glin-syjlagan-zigit-zrtty-tagaldyrdy/

pixel