Қостанайда бір аптадан бері табылмай жатқан 26 жастағы аруға іздеу салынды (фото)
Опубликовано:
Қостанайда 26 жастағы бойжеткен бір аптадан бері табылмай жатыр. Бұл туралы Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды "Алау" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
![Фото: Alau.kz Фото: Alau.kz](https://cdn.nur.kz/images/1120/77e5c8d78f3af2fa.jpeg)
1993 жылы туған Көкенова Салтанат Нұрымбетқызы 20 қаңтар күні үйінен шығып кеткен. Бойжеткеннің қайда екені бүгінгі күнге дейін белгісіз болып отыр.
Оның бойы 170-175 сантиметр, шашы ұзын. Жоғалған күні үстінде сұр түсті баллон күрте болған.
Салтанаттың қайда екенін хабардар кез келген адам төмендегі нөмірлерге хабарласа алады.
8-702-492-99-92, 8-747-655-21-63, 52-68-61, к/ б 52-68-50 немесе 102.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1775629-kostanajda-bir-aptadan-beri-tabylmaj-zatkan-26-zastagy-aruga-izdeu-salyndy-foto/