Сирия, Ауғанстан және Ирак аумағында 250-ге жуық қазақстандық әйел жүр
Жарияланған күні:
ҰҚК-нің төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбековтың мәліметінше, қазіргі таңда Сириядағы қақтығыстар аумағында 300-ге жуық қазақстандық жүр. Олардың арасында әйелдер мен балалар да бар. Әйел адамдар көбінесе күйеулерінің соңынан кетеді деп жазады NUR.KZ.
"Қазір қақтығыстар аймағында, яғни Сирия, Ирак және Ауғанстанда 250-ге жуық әйел мен бала бар. Олар күйеулерінің соңынан кетті деген мәлімет бар", - деп мәлімдеді ҰҚК.
Кейбір әйелдер әскери әрекеттерге атсалысып жүргендері туралы ақпарат алынған. Олардың кейбіреуін Қазақстанда соттап та үлгерген, қалғандары елге оралғаннан кейін жауапқа тартылмақ.
ҰҚК қақтығыстарға қатысып жүрген қазақстандықтардың әрекеттеріне заң тұрғысынан баға берілетінін мәлімдеді.
Еске сала кетейік, қаңтар айында Қазақстан отандастарымызды Сириядан қайтару операциясын өткізген болатын.
Нұрсұлтан Назарбаев 47 отандасымыздың Сириядан қайтарылғанын мәлімдеген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1775659-siria-auganstan-zne-irak-aumagynda-250-ge-zuyk-kazakstandyk-jel-zr/