RU

Ақтөбеде намаз оқып, хиджаб киетін қыздар сән сахнасына шықты (фото)

Ақтөбеде намаз оқитын қыздарға арналған клубта түрлі хиджабтардың сән үлгісі көрсетілді. Шараға орамал тағатын қыздар көп жиналған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

пппппп
Фото: nur.kz: Instagram

Киім үлгілерін қыздардың өздері дайындайды екен. Айтуларынша, қолдан жасалған дүниелердің бағасы әлдеқайда арзан. 

"Біз «Салиха бренд» белгісімен жұмыс жасаймыз. Салиха деген біздің туған әжеміз. Жұмысымызға әжеміздің атын бердік.

Сіңілім мұсылман әйелдеріне арнап түрлі сәнді киімдер тігеді. Мен өзім суретшімін. Сіңілімнің тіккен киімдеріне жаңа сәнмен түрлі суреттер саламын.

пппппп
Фото: nur.kz: Instagram
Республикалық, халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындар алдық",- дейді Радина Батпенова.

Жабық киімдерден құралған сән үлгілері келіншектерден бастап, кішкентай қыздарға дейін арналған.

пппппп
Фото: nur.kz: Instagram

Подиумға шыққан қыздар орамалдың суреті салынған кимешек түрін тағып шықты.

"Қолөнермен айналысып, киім тігетін қыздарға тиімді жол ұсынып отырмыз. Олар осы жерде өздері тіккен заттарын сата алады. Көйлектердің бағасы 5 мыңнан 15 мың теңгеге дейін. Бәрін қыздардың өздері дайындайды",- дейді клуб жетекшісі Мира Бекниязова.
Ақтөбеде намаз оқып, хиджаб киетін қыздар сән сахнасына шықты (фото)
Фото: NUR.KZ: Instagram

Клуб мүшелері алдағы уақытта мұндай шараларды тұрақты өткізуді жоспарлап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1775811-aktbede-namaz-okyp-hidzab-kietin-kyzdar-sn-sahnasyna-sykty-foto/