RU

Бас прокуратура: Браконьерлердің әрекетіне полицейлер көз жұмып келген

Бас прокуратура елімізде браконьерлікпен айналысу фактілері жиілеп кеткенін хабарлады деп жазады NUR.KZ.

Фото: Игорь Самохвалов/pnp.ru
Көрнекі фото: Игорь Самохвалов/pnp.ru: Facebook

Бас прокуратураның мәліметінше, жыл басынан бері Атырау және Маңғыстау облыстарында бірнеше топ браконьерлер құрықталыпты. Балық инспекциясы мен полицейлер олардың әрекеттеріне көз жұмып отырған.

Ведомство соңғы кездері браконьерліктің белең ала бастағанын баса айтып өтті. Прокуратура ақпаратынша, соңғы екі жылда Қазақстанда үш мың ақбөкен өлтірілген.

Жиын кезінде Қарағанды облысында"Охотзоопром" РММ-нің инспекторының өлтірілгені де еске алынды.

Бақылау органы полицейлер мен табиғат қорғаушылардың жұмысы тиімсіз екенін және өзгерістер қажет екенін атап өтті.

Жиналыс нәтижесінде ауыл шаруашылық, ішкі істер, қаржы министрлігінің қызметкерлері, ҰҚК шекара қызметі және жемқорлыққа қарсы бюро өкілдері бірлесіп, браконьерлермен күресу жоспарын дайындап шығарды.

Еске сала кетейік, Қарағанды облысында "Охотзоопром" инспекторларына шабуыл жасалып, Ерлан Нұрғалиев көз жұмған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1775838-bas-prokuratura-brakonerlerdi-reketine-policejler-kz-zmyp-kelgen/