Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан әлемдегі ең қауіпсіз елдер тізімінде 44-ші орынға жайғасты

Опубликовано:

Global Finance журналы қауіпсіз елдердің рейтингін жасады. Қазақстан бұл тізімде 44-ші орын алған деп хабарлайды Риа Новости-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Максима Золотухина
Фото: Максима Золотухина: Facebook

Рейтингте әскери қақтығыстардың болуы, елдің экономкалық дамуы мен қауіпсіздік деңгейі, сонымен қатар, табиғи апаттардың болу мүмкіндігі ескерілген.

Тізімге 128 ел кіріпті.

Рейтингтегі мағлұматқа байланысты, ең қауіпсіз елдердің тізімінде Исландия (6.16), Швейцария (7.01) және Финляндия (7.04) көш бастаған.

Он ең қауіпсіз мемлекеттердің тізіміне Португалия (7.07), Австрия (7.08), Норвегия (7.27), Катар (7.28), Сингапур (7.34), Дания (7.41) және Жаңа Зеландия (7.42) еніпті.

Қазақстан (9.50) осы рейтингте 44 орын алған.

Қырғызстан (11.43) - 89 орында, Ресей (12.94) -108 орында, АҚШ (10.30) - 65 орында, Украина (13,91) - 116 орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1775913-kazakstan-lemdegi-e-kauipsiz-elder-tiziminde-44-si-orynga-zajgasty/

pixel