Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында бір түнде 94 қоянды қырған браконьер ұсталды

Опубликовано:

Қызылорда облысында бір түнде 94 қоянды қырып тастаған браконьер ұсталды деп хабарлайды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: nashzeleniymir.ru
Көрнекі фото: nashzeleniymir.ru: Depositphotos

Табиғат жануарларын аяусыз өлтіру оқиғасы 25-ші қаңтар күні Қызылорда облысының Қармақшы ауданына қарасты Т.Көмекбаев ауылының маңында болған.

Бұл жағдай Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы және "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК-ның инспекторларының бірлескен рейдтік шарасы барысында анықталды.

УАЗ көлігінен терісі сыпырылған 64, сойылмаған 30 бас қоян шыққан. Жануарларды заңсыз қыра берген браконьер 30 жастағы ауыл тұрғыны болып шықты.

"1989 жылғы күдікті өз кінәсін мойындап жинақталған құжаттар мен айғақтар Қармақшы аудандық полиция бөліміне тапсырылды. ҚР Қылмыстық Кодексінің 337-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды", - деп мәлімдеді аталған ведомствоның өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1775959-kyzylorda-oblysynda-bir-tnde-94-koandy-kyrgan-brakoner-staldy/

pixel