Қыста қауын-қарбыз сатқан кәсіпкер көпті қызықтырып қойды
Опубликовано:
Түркістан облысы Жетісай ауданында қыстың күні қауын-қарбыз сатылып жатыр. Кәсіпті жақында ғана қолға алған Бекқали Қалмұратов тауарына сұраныс көп екенін жеткізді. Кәсіпкер қауынды интернет арқылы сатып жатыр деп жазады "Замана" басылымы.
![zamana.kz zamana.kz](https://cdn.nur.kz/images/1120/e67f3e10a090b70a.jpeg)
Бекқали Қалмұратовтың негізі кәсібі жұмыртқа сату. Ал қауын-қарбызды ол жуырда ғана сатып бастаған.
Жаңа жыл қарсаңында Өзбекстанға барған ол үйіндегілерге базарлық ретінде қауын алып келген екен. Сөйтіп қарбыздың суретін Instagram парақшасына жүктеген.
![zamana.kz zamana.kz](https://cdn.nur.kz/images/1120/3b953c5498c543bd.jpeg)
Қауынды көрген желі қолданушылары бірден оған қауынды сату жайындағы өтініштер жаза бастаған.
"Қауын алғысы келетіндердің саны артқан соң, Өзбекстанға барып, алып келдім. 50 шақты қауын 10 күнге жетпей өтіп кетті", - деді кәсіпкер.
Қауынның бір данасы екі жарым мың теңгеден басталады екен. Кәсіпкер үстінен көп қоспайтынын, тек жол-пұлдың ақшасын ғана шығаратынын жеткізді.
Қазір ол қауынды Қазақстанның барлық қалаларына жеткізуді қарастырып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1776027-kysta-kauyn-karbyz-satkan-ksipker-kpti-kyzyktyryp-kojdy/