"Қалаулымға" ұлттық киіммен келген ару көпшілікті таңғалдырды (видео)
Жарияланған күні:
Отандық бағдарламаның бірінде ұлттық көйлекпен "жар іздеп" келген қыз көпшілікті таңғалдырды деп жазады NUR.KZ.
Бұл туралы Instagram желісіндегі kalaulymshow тобында жарияланған.
Видеодан ұлттық киіммен бағдарламаға келген қызды, оған ризашылығын білдірген көрермендерді байқауға болады.
Тіпті, жүргізушінің өзі таңданысын жасыра алмаған.
Бағдарламаға қатысушы қыз жасы жиырма бесте екенін, сақтандыру компаниясында жұмыс істейтінін айтты.
Сондай-ақ, ұлттық киімді не себепті киіп келгенін де түсіндіріп өткен.
"Қазіргі қазақ қыздары, соның ішінде Шырын Нарчаева сәукелені қай жерге кию керектігін білмейді. Оған қазақ халқының бәрі қарсы болды. Сол қызға ұлттық киімді қай жерде киетіндігін көрсетуге келдім", - деді қатысушы қыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1776034-kalaulymga-lttyk-kiimmen-kelgen-aru-kpsilikti-tagaldyrdy-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.