Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда оқушының әкесі қызына тіл тигізген ұстаздың жағын сындырды

Опубликовано:

Қостанай қаласындағы Горький атындағы гимназияда дене шынықтыру пәні мұғалімін оқушы қыздың әкесі ұрған деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: glavcom.ua
Көрнекі фото: glavcom.ua: Facebook

Оқиға 22 қаңтар күні орын алған.

Гимназияның директоры Ирина Шушпанованың айтуынша, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі екінші сынып оқушысына бірнеше рет ескерту жасапты. Ал ол құлақ аспай қойған.

Жеткіншектің айтуынша, ұстаз оған тіл тигізген көрінеді. Алайда педагогтың қандай сөз айтқаны әзірге белгісіз.

Артынша оқушы қыз әкесіне болған жағдайды жеткізіп барыпты. Мектепке арнайы келген әкесі дәлізде мұғаліммен жаға жыртысқан.

Директордың сөзінше, соққыны тек қыздың әкесі ғана дарытыпты. Ал ұстаз тек қорғанған.

Екінші сыныптың оқушысы осы сәтте әкесінің жанында болыпты.

"Тіл тигізу болған-болмағанын лингвистикалық комиссия шешеді. Мұғалім қазір ауруханада. Оның жағы сыныпты. Дене шынықтыру пәнінің ұстазы полицияға арыз жазды", - деді Ирина Шушпанова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1776125-kostanajda-okusyny-kesi-kyzyna-til-tigizgen-stazdy-zagyn-syndyrdy/

pixel