Алматыда итімен жүрген адамды жүргізуші автобустан қуып шықты (видео)
Опубликовано:
Алматы қаласының тұрғыны жүргізушінің үстінен "автобустан тұмылдырығы бар итпен бірге қуып шыққаны" үшін арызданған деп хабарлайды NUR.KZ.

Жолаушы жігіт болған оқиғаны Facebook-тегі Kazakh Tours тобында жүктепті.
Жазбаға байланысты желі оқырмандарының пікірі екіге бөлінген.
"Жүргізушінің әрекеті заңға қайшы. Тұмылдырық бар, бұдан басқа не керек", "Ит - адамның досы. Күн суық болғандықтан, жаурайды. Автобуста жүре берсін", "Итті ереже бойынша алып жүр, демек жүргізушінікі заңға қайшы", -деп жүргізушіні жерден алғандар болған.
Ал екінші тарап жүргізушінің әрекеті дұрыс екендігін жеткізген.
"Жүргізуші дұрыс жасады. Автобус жануарларға арналмаған", "Итпен бірге автобуста тұрғым келмейді", "Біріншіден, ит - қауіпті тұқымның бірі, екіншіден, автобус - адамдарды тасуға арналға көлік", "Итпен жүргісі келсе, жеке көлік сатып алсын" - деді желі оқырмандары.
Бұл оқиға байланысты "Алматыэлектротранс" пікір білдірді.
"Жолаушыларды тасымалдау ережесіне сәйкес, итті автобуста жинақтау алаңында тұмылдырық және қысқа шылбырмен тегін алып жүруге болады", - деді компания.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1776170-almatyda-itimen-zrgen-adamdy-zrgizusi-avtobustan-kuyp-sykty-video/